$ 516.01  582.47  6.26

Шерзат Болаттың өлімі: Сотта Дархан Әскентайдың бет-бейнесі алғаш рет көрсетілді

Видеоны Жоғарғы сот процестің тікелей трансляциясы кезінде көрсетті.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жоғарғы сот процесінен тікелей эфирде тергеу видеосы ұсынылды Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан резонанстық іс бойынша сотта басты айыпталушылардың бірі – Дархан Әскентайдың тергеу кезіндегі видеодәлелі алғаш рет жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Видеоны Жоғарғы сот процестің тікелей трансляциясы кезінде көрсетті. Кадрда Әскентай жауап беріп жатқан сәті көрсетіліп, оның бет-бейнесі ашық көрінді. Айта кетейік, дәл осы азамат марқұммен алғашқы жанжалға қатысқан тұлға ретінде аталып отыр. Сот отырысында Дархан Әскентай тергеу барысында кейбір жауаптарды қысыммен бергенін мәлімдеді. Алайда прокурор оның бұл сөзін жоққа шығару үшін адвокаттың қатысуымен жүргізілген тергеу видеосын көрсетуді сұрады. Бейнематериалда тергеуші Әскентайдың психологиялық және дене күйін нақтылап сұрап, «Сұрақтарды түсініп отырсыз ба? Куәлік беруге дайынсыз ба?» деген сауал қойылады. Сотталушы барлық сұраққа келісіммен жауап берген. Алайда бүгінгі сот отырысында ол дәл сол сәтте «шок жағдайында болғанын» айтып, өз жауабынан ішінара бас тартты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 4
Күлкілі 7
Ашулы 27

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шерзат Болат