Әлеуметтік желіде жиі көрінетін әкім Ғабит Сыздықбеков бұл жолы үнсіз қалды.
Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков өзінің орынбасарына жасалған қарулы шабуылға әлі күнге дейін түсініктеме берген жоқ. Ал бұл оқиға қала тұрғындарының көз алдында — қалалық әкімдік ғимаратының алдында болған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлеуметтік желіде жиі көрінетін әкім Ғабит Сыздықбеков бұл жолы үнсіз қалды.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті
Полиция Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша түсініктеме берді
Шенеунік орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылға байланысты ешқандай пікір білдірмеді. Оқиға болғаннан бері ол ресми мәлімдеме жасаған жоқ, әріптесіне сауығып кетуін тілемеді және әкімдік алдындағы атысқа алаңдаған қала тұрғындарына да ештеңе айтпады.
Соған қарамастан, соңғы күндері әкім бірнеше қоғамдық іс-шараларға қатысқан. Атап айтқанда, қазақстандық боксшылармен кездесу өткізіп, түрік логистикалық компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізген.
Еске салайық, 2025 жылдың ақпан айында Ғабит Сыздықбеков Руслан Берденовті өз командасына қала әкімінің орынбасары ретінде жұмысқа шақырған болатын.