Оқ атқан адам ұсталды.
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.
Шамамен сағат 20:30 шамасында Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Нәтижесінде ол жамбас және иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті ұсталды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Оқ атқан адам ұсталды.
Руслан Берденовке қазір операция жасалып жатыр. Өмірлік маңызы бар ағзаларына зақым келмеген.