$ 518.34  591.06  6.27

«Шындықты айту — үлкен ерлік»: Самат Смақовтың әйелі өткір мәлімдеме жасаған күйеуін қолдады

Самат Смақов ҚПЛ-ның 5-турында «Ордабасы» командасына қарсы өткен ойында (0:1) төрешілердің жұмысына қатысты өткір сын айтқан болатын.

 

Фото: pandaland.kz
Фото: pandaland.kz

Басына қара бұлт үйірілуі мүмкін деген «Жетісу» футбол клубының бас бапкері Самат Смақовты жұбайы Ума Смақова Instagram парақшасында күйеуін қолдап, мәлімдеме жасады. Уманың сөзінше, Самат - қазақстандық футболдағы әділетсіздік туралы ашық айтуға батылы жеткен санаулылардың бірі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Әлем чемпионатына ешқашан шықпаймыз»: Самат Смақов қазақ футболының жай-күйін айтты (ВИДЕО)

Ума Смақова желідегі жазбасында күйеуінің ерлікпен пара-пар іс жасағанын айтты. 

«Көпшіліктің шындықты айтуға батылы жетпей жүргенде, менің күйеуім әділдік жолында алдыңғы қатарда жүр. Қазақстан футболында Самат сияқты шындықты ашық айтатын, біреудің қанатының астында отырмайтын, өзгелерден тайсалмайтын мамандар өте сирек. Ұнамайтын болса да, шындықты айту — үлкен ерлік», - деп жазды.

Еске салайық, Самат Смақов ҚПЛ-ның 5-турында «Ордабасы» командасына қарсы өткен ойында (0:1) төрешілердің жұмысына қатысты өткір сын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол ел футболының қазіргі жағдайы мен келешегі жайында ойын білдірді. 

«Біздің футбол қайда кетіп барады? Жыл сайын кері кетіп жатқанын көреміз. Әлем чемпионаты немесе Еуропа? Бұл жайлы армандаудың өзі бекер. Мұндай бейберекет жағдаймен алға жылжу мүмкін емес».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары