$ 448.15  483.46  4.86

Соңғы 6 жылда қазақтың 34 қызы қытайлықтарға күйеуге шыққан – министр

ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, қазақ қыздарының жаппай қытайлықтарға тұрмысқа шығуы туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. Соңғы 6 жылда шығыстағы көрші елге тек 34 қыз ғана келін болып түскен екен.

Айта кетейік, бұған дейін қоғамда шетелдіктерге тұрмысқа шыққан қазақстандық қыздарды азаматтығынан айыру мәселесі көтерілген болатын.

"Жұмыс барысында Статистика комитетінің мынадай бір деректерін кездестірдім. Жалпы, бұл цифрлар осыған дейін Фейсбукте қызу талқыланған мәселеге қатысты болғандықтан, оқырмандарыма маңызды болар деп ойлаймын.Қарап отырсақ, 2010 жылдан бастап 2016 жылғы сәуір айына дейін ҚХР азаматтарына 253 қазақстандық тұрмысқа шыққан көрінеді. Соның ішінде, 190 қазақ қызын Қытайда тұратын өз қандастарымыз, яғни қазақ жігіттері жар еткен. Осы уақыт ішінде, яғни алты жылда этникалық қытайлармен некеге тұрған қыздар саны – небәрі 34", - деді Дәурен Абаев өзінің Facebook-парақшасында.

Есесіне қытайлық қыздарды келін қылып алған қазақ жігіттерінің саны басым. Министрдің мәліметінше, 2010-2016 жылдар аралығында 277 Қазақстан азаматы ҚХР қыздарына үйленген. Соның ішінде 244-і – Қытайда тұратын қазақ қыздарымен бас құраған қазақ жігіттері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары