$ 494.87  520.65  4.91

А.Мұхемдиұлының Ильинге телефон тасығанын әлі ұмытқан жоқпыз - блогер

Бүгін кеңейтілген алқа мәжілісінде есеп берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өткен жыл мен биыл жеткен жетістіктерін айтып, жиналған жұрт алдында ағынан жарылды. Алайда, министрлік қандай жетістіктерге жетсе де Арыстанбек Мұхамедиұлының ауыратлет Илья Ильинге телефон тасып жүгіргенін әлі ұмытқан жоқпыз дейді Facebook қолданушысы Қазыбек Бейсебаев.

«Министр А.Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеновтің Қытайдағы жетістігін президенттің жас таланттарға қолдау көрсету бойынша берген тапсырмасының сәтті орындалуы депайтып отыр. Яғни, мемлекет басшысының тапсырмасын жоғары деңгейде орындап келеміз дейді ол. Бірақ, министр бізді мұнысымен таң қалдырған жоқ. Біз оның Илья Ильинге әнұран айтылып тұрған сәтте қалай телефон тасып, жүгіріп жүргенін әлі естен шығарған жоқпыз. Міне, біздің мәдениетке жауапты басты шенеуніктің түрі осындай», - дейді Қазыбек Бейсебаев өзінің парақшасында.

Ол сондай-ақ, ел бюджетін небәрі бір күн қарап, қабылдап тастаған депутаттарға да таң қалмайтынын жеткізді.

«Біздің депутаттар 2017 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілген түзетулерді қарауға бір күн уақыттарын жұмсады. Дүйсенбі күні кешке құжат келіп түсті, сейсенбі күні оны депутаттар қарап талқылады, сәрсенбі күні бір ауыздан қабылдады. Олар өздерінің жылдамдығымен бізді таң қалдырған жоқ. Кеше ғана бәрі бір ауыздан Астанаға президент атын берейік деп ұсыныс айтып отыр еді, артынша оны дереу ұмытып кетті. Міне, біздің депутаттарымыз осындай», - дейді блогер.

Естеріңізге салайық, 2014 жылы Алматыда ауыр атлетикадан әлем біріншілігі өткен болатын. Аталған жарыста Илья Ильин чемпион атанған еді. Жеңімпазды марапаттау рәсімінде Арыстанбек Мұхамедиұлы әнұран айтып тұрған Ильинге ұялы телефон тасумен "шаршағаны" әлі есте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары