$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттар ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстарына мұғалімдерді жегуді тоқтатуды талап етіп отыр

Мәжіліс депутаттары Ұлттық біріңғай тестілеу кезінде демалыста жатқан мұғалімдерді жұмысқа жегуді доғаруды талап етіп отыр. Халық қалаулысы Ирина Смирнова осы мәселеге қатысты ел премьері Бақытжан Сағынтаевқа депутаттық сауал жолдады.

"Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстарын мектептерге жүктеп қойған. Бұл жұмыстардың қатарына мектеп бітірген түлектерді тест тапсыру орталығына жеткізу, тамақтандыру, кейде жататын жерге орналастыру секілді міндеттер кіреді. Қолына аттестатын алған түлектің мектепке қатысы жоқ екенін де ескеру керек. Ал, ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстарын мұғалімдерге жүктеу - олардың міндеттеріне жатпайды және жүктемесін арттырады", - дейді депутат.

Оның айтуынша, ҰБТ өтетін сәтте еңбек демалысында жатқан мұғалімдер жұмыс істеуге мәжбүр болады екен.

"Тестілеу жұмыстарының жазғы демалыс кезінде өтетінін де ұмытпау керек. Бұл уақытта мұғалімдер еңбек демалысында болады. Соған қарамастан педагогтарды жұмысқа шақыртып алатыны белгілі. Ал, ҰБТ тапсыру әрбір оқушының жеке құқығы, егер түлек оқуын ЖОО-да жалғастырғысы келмесе өз еркі, оны ешкім мәжбүрлей алмайды", - деп атап өтті И.Смирнова өз сөзінде.

Ол сондай-ақ, Білім және ғылым министрін ісі мен сөзі үйлеспейді деп айыптап отыр. Есте болса, жуырда ғана Ерлан Сағадиев мұғалімдерді артық жұмыстардан арылтатынын ресми түрде мәлімдеген болатын. Енді осы уәде орындалсын дейді депутат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары