$ 494.87  520.65  4.91

ЕСЕККЕ ШАПҚАН АРАБ, ИТ ЖЕГЕН ҚАЗАҚ...

«Titus.kz» сайты таяуда көрмек түгілі естіген жанның есінен тандыратын бір ақпарат жариялады. Төрт-ақ сөйлемнен тұратын ақпаратта не айтылады? Әлгі ақпаратқа сенсек Сауд Арабиясының бір дәулетті шейхін айдалада есек теуіп өлтіріпті. Ең жүрексіз деген адамның өзінің жүрегін ауыртатын-ақ жағдай. Алайда, көп адамның бұл оқиғаға жүрегі ауырмаған сыңайлы. Қайта «сауап бопты!» деушілердің қатары қалың. Себебі әлгі бейбақ өзінің түбіне жеткен есекті айдалада зорламақшы болыпты. Адамнан мұндай айуандық шығады деп күтпеген есектің қос аяқтап тұрып теуіп қалғаннан басқа амалы қалмаған. Бірінші соққы тура бастан тиген. Кейін көкірегінен тағы үш теуіпті. Сарапшылар «ол есекті зорламақшы болған» деген болжамды жәйдан жәй айтып отырған жоқ, марқұмның іш киімі көлігінің қасынан табылған. Соған қарағанда есекке ғашық араб «іске» шешініп тастап кіріскен сияқты. Және бұл оның өмірінде көрген бірінші есегі де емес шығар...

Расы керек, біздің бұл ақпаратқа сенгіміз-ақ келмеген. «Құдай берген дәулеттің арқасында мына дүниенің хор қыздарының қалағанына көңілін білдіре алатын араб шейхінің күні жаман есекке қарап қалмаған шығар» дескенбіз. Сөйтсек біздің білгеніміз бір тоғыз болса, білмегеніміз тоқсан тоғыз екен…

Осы орайда қазақтың Қадыр ақынының бір айтқан әңгімесі еске оралады. «Аға, тауып сөйлеу де өнер. Құдайға шүкір, «Қадекең айтыпты» деген әңгімелердің өзі том-том кітапқа жүк болады. Сол айтқандарыңыздың ішінде өзіңіз ерекше разы болатын әңгімеңіз қайсы әңгіме?» дегенбіз бір кездескенде.

— Ел риза болып айтып жүр ме, онда ол сөздердің ешқайсысының да осал болмағаны. Дегенмен, бір жайт естен кетпейді. Жетпісінші жылдардың аяғында бірнеше ақын-жазушы «Көкбазарда» әңгімені қыздырып, қымыз ішіп отырғанбыз. Біз отырған жерге атын айтпай-ақ қояйын, Алматыда жасайтын өзге ұлт өкілдерінің бірінің сол кезде аты кәдімгідей дүркіреп тұрған белгілі бір ақынының келе қалмасы бар ма?! Әрине, ол қымыз ішуге келмеген, шаруасы басқа. Өзіміздің түркі тілдес әлгі ақынмен кәдімгідей әзілім жарасушы еді. Кездескен жерде бірімізді біріміз бір қағытып қалушы едік. Бәрі жарасып тұратын. Әлгі жігіт көр-жерін алып, кетерінде бізге бұрылды. «Ұстайтын жер осы!» деп түйіп үлгердім. Келгенде амандаспай, кетерінде амандасқанын әжуаламақ болып, іштей дайындалып отырғанмын. Алайда, оқиға мүлде мен күтпеген тұстан өрбіді. Әлгі құрдасым амандасып болып, шығуға ыңғайлана бере «өңкей қазақтар, қалай, есектің сүтін ішіп отырсыңдар ма?!» деп қойып қалмасы бар ма?! Жасыратын несі бар, бұл сөзден жалғыз мен емес, бәріміз түгел есеңгіреп қалдық. Алайда, бәрінен бұрын есімді мен жиып үлгердім. Аузыма бірінші түскені «есектің сүті бәрібір есектің кө.…-інен дұрысырақ қой» деген сөз болды. Бұл сөзді естіген әлгі құрдасым алды-артына қарамай зытты. Қасымдағы жігіттердің де иықтарынан жүк түскендей болып, бір жеңілдеп қалды. «Бұлай айтпасаң Қадыр боласың ба, бәрімізді, тіпті бүкіл қазақты құтқардың. Өлме, Қадыр!» деп жатыр. Бұл сөзді мен тауып айтқан жоқпын, қазақтың жүзі төмен болмасын деп аузыма Құдай салды. Әйтпесе, әзілдерге боқтық сөз  араластырып айту әсіресе маған жат. Бұл жерде тек осылай айтылуы керек еді! Дәл осы «к…-т» деген сөзден басқа сөздің тіпті де керегі жоқ еді. Айтқандарымның ішінде өзім ерекше риза болып еске алатын әңгімелердің бірі осы, — деп әңгімесін аяқтап еді, Қадағам.

Бәрі әлгі саудиялық шейхтің абыройсыз өлімінен, «адам есекке шабады» дегенге біздің әдепкіде сене алмағанымыздан шықты ғой. Қадекеңнің сол бір әңгімесі кейбір ұлт өкілдерінің есекке кәдімгідей ашық болатынын тағы бір дәлелдейді. Алайда, біздің айтпағымыз басқа. Біз бұл мақалада жоғарыда болған оқиғаны пайдалана кетіп, кейбір ұлттарды тұқыртып алуды тіпті де мақсат тұтып отырған жоқпыз. Ондай пиғыл бізге жат. Біздің мақсат — осындай түрлі жаман қылықтардан өз ағайындарымызды сақтандыру. Не нәрсенің де алдын алып отырмаса болмайды, кез келген ұлттық қасірет «е, соны қойшы» деп жеңілдікке салынған жерден пайда болады. Бүгінде есектің етін жемесе де «мың түрлі дертке дауа екен» деп кейбір ұлт өкілдері секілді иттің етін жеп жүрген қазақ аз ба?! Сол қандастарымыз да иттің етін туыла сап жемеген. Біреулер иландырған соң жей бастаған. Ақырында онысы әдетке айналған. Әдеті өкінішке қарай, өмір салтына айналып барады. Ол ол ма, «тәуіп айтты» деген «аргументпен» зәрін деп әспеттемей-ақ қояйық, күнде таңертең сідігін ішіп жүрген қанша ағайын бар?!

Біздікі — сақтандыру. «Өз білгенім білген» деп бізді жыға айыпқа бұйырып жатсаңыздар оған да мақұлмыз. Тек біз тараптан бір ғана сөз. Біз бұл лебізді өздеріңізді жек көргеннен емес, жақсы көргеннен айттық.

P.S. Осы күнге дейін қаншама қарагөз қарындастарымыз қазақтың жігіттерін менсінбей, олардың жігерін құм қылып тұрып, арабтың бай-бағландарының етегінен ұстап кетті. Көжесінің қоюлығына қызығып. Арабтан туған баласын емірене иіскеп отырған бір әнші  экранға шыға қалса алапат жиреніштен телебезерді басқа каналға ауыстырып жіберетін болғанбыз.

...Әй, айналайындар-ай, сендер кіммен, кешіріңіздер, немен төсектес болғандарға кетіп бара жатқандарыңызды бір сәт ойландыңыздар ма?

 

Абай БАЛАЖАН,

«SKIFNEWS.KZ».

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
ҚАРИЯСЫЗ ҚАЗАҚТАР...
Келесі жаңалық
«Патриот болу парызың»