$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандылық педагогтар діни экстремизмнің алдын алу мәселесін сөз етті

Қарағанды оқу-әдістемелік орталығында діни экстремизмнің алдын алу бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Көп жағдайда балалардың сырттан келетін ықпалдарға өте сенгіш келетіні түсінікті. Олардың осы қасиеттерін Қазақстан аумағында өз тірлігін жүргізіп жүрген жалған діни ұйымдар пайдаланып қалады. Радикалды ағымдар мен олардың қоғамға ықпалына қарсы тұру мақсатында өткен аптада тәрбиешілер мен ата-аналар, мектеп директорлары арасында кезекті семинар өтті.

Дін істері басқармасы, сонымен бірге христиандық конфессия өкілдері қатысқан бұл семинардың негізгі мақсаты педагогтарға діни экстремизмнің алдын алудың негізгі шаралары мен ұлтаралық келісім мен толеранттық қатынастардың дамуын түсіндіру болды. Осыдан алған білім кейін өскелең ұрпаққа берілуі тиіс. Сонымен бірге, дін істері басқармасы халық арасында кеңінен қамтуға тырысуда. Бұл өз кезегінде дәстүрлі діндер жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын ауқымды көлемде жүргізуге мүмкіндік беретін болады.

Кездесуде бірінші болып дін істері басқармасының басшысы Серік Тілекбаев сөз алды. Ол тек жасөспірімдер арасында ғана емес, үлкендер ортасында ад діни сауаттылықтың үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.

–      Бүгінде Қарағанды облысы бойынша сараптама жұмыстары көрсетіп отырғандай, оқу мекемелерінде «дінтану» пәнін жеткілікті түрде түсіндіріп бере алатындай мұғалімдер жетіспейді. Қазірдің өзінде бұл пәнге қатысты бірнеше бекітілген оқулықтар жарық көрген. Дегенмен олардың басым бөлігі әлі де өңдеуде жатыр. Өйткені, біз әлі оқу мекемелерінде қандай кітаптарды оқытуға болатыны жөнінде бір тоқтамға келген жоқпыз. Алдында бізде Артьемовтың дінтану бойынша кітабы болған еді. Бірақ, ол қазір барлық жерде алынып тасталуда. Себебі, Қазақстанның қазіргі діни жағдайына бұл кітаптың мазмұны сәйкес келмейді. Ол кітапта еліміздегі қазіргі діни ұйымдар жайлы дерек жоқ. Онда тек Ресей аумағындағы діни ағымдар ғана алынған. Сондықтан, Қазақстанның қазіргі жағдайы мүлде басқа, оқушылар мен қоғамның белгілі бір топтарының сұранысын қанағаттандыра алатындай кітапқа мұқтаж болып тұр, – дейді басқарма басшысы.  

Діни бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің сөздеріне қарағанда халықтың діни сауаттылығы қазір мүлдем төмен.

–      Басқаша айтқанда, көптеген жас жеткіншектер дәстүрлі дін (ислам мен православие айтылып отыр) мен дәстүрлі емес діннің айырмашылығын білмейді.ақырында, бізде отбасыларда жанжал туындап, әрқайсысы әр түрлі діни ағымның жетегінде кетеді. Содан келіп, қоғамда әр түрлі жанжалдар мен таластар пайда болады, – дейді С. Тілекбаев.

Осындай жағдай еліміздің ЖОО-нда да белең алған. Тек Қарағандының өзінде ғалымдар жас жігіттердің оқуын тастап, әр түрлі ағымдарға қосылып кеткендерін айтады. Жезқазғандық, Сәтбаев, Қарағанды, Теміртау қалаларындағы 50-дей жас азаматтардың Қазақстаннан сыртқары, соғыс болып жатқан елдерге кеткені және белгілі.айта кетсек, Теміртауда 3-курста оқитын жігіт қызыл дипломға ұмтылып жүрген, жезқазғандық жігіттер «Қазақмыста» жұмыс істейтін болған. Жақсы табыс тауып тұрған. Отбасылы болған, екі жоғары білімі бар және үш тілді қатар меңгерген.  Ал, осындай жақсы жағдайда тұрған оларды нендей күш айдап әкетті? Қазір дінтанушылар сол жағын анықтауда.  

–      Осы жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында дінде хаос тудырмай, еліміздің әрбір тұрғыны қолайлы жағдайда тұра алатындай жағдай жасау қажеттігін қатаң ескерткен болатын. Сөйтіп, радикалды ағымдармен күрес аясында ҚР территориясында діни экстремизмнің алдын алу мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл мәселе бойынша Қарағанды облысының әкімі жыл басында нақты шаралар жоспарын бекітті. Бүгінде Қарағанды облысының аумағында 35 ақпараттық топ жұмыс істеуде. Олардың құрамына 282 адам біріккен. Біз мұндай топтардың санын 38-ге дейін арттырып, құрамындағы адамдар санын да 300-ге дейін ұлғайттық. Сонымен бірге, 3 қоғамдық бірлестік те жақсы жұмыс атқарып отыр. Олардың бірі – «Діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек орталығы» болып отыр, – дейді ол.

Басқарма басшысы атап өткендей, өткен жылдан бері «Қарағанды облысындағы конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу мен сараптау орталығы» құрылып, жұмыс істеуде. Жалпылай алғанда, Қарағанды облысындағы діни ахуал тұрақты болып саналады. Қазір мұнда 312 діни ұйым болса, оның 132-сі исламды, 26-сы православиені, ал қалған ұсақтары өзге діндерді насихаттайды. Сонымен бірге, діни экстремизммен күреске қаншалықты қаражат бөлінетіні де жасырын қалмады. Тек биылдың өзінде радикалдармен күрес жүргізу үшін 96 млн. теңге тек насихат жұмыстарына бөлініп отыр. Бұл қаражат дәстүрлі ислам мен христиандықты насихаттау аясында жұмсалатын болады. Жыл басынан бері ЖОО-лар мен колледждерде кездесулер өткізу жоспарланып қойған. Қазірдің өзінде орта мектеп оқушылары арасында семинарлар өткізіліп қойды. Облыстың ең мықты деген теологтары оқушыларға жиһадтың, шариғаттың не екендігін қарапайым тілмен түсіндіріп беруде. Қазіргі уақытта дәстүрлі діндердің қоғамдағы орнын нықтай түсу үшін арнайы плакаттар, билбордтар және ақпараттық тақташалар дайындалуда.

Өткен конференцияның бір ерекшелігі, оған христиан діні өкілдері де шақырылды. Діни қызметкер Владимир Кинзирявый барлық қатысушыларға христиандықтың негізі жайлы да айта кетті.

–      Жаһандану кезеңінде тұрған Қазақстан әлемдік терроризм мен діни экстремизмнен айналып өте алмайды. Қоғам әрқашан да белгілі бір культ негізінде немесе бірдеңеге табыну арқылы дамып келді. Бұл ретте дін қай қоғамның да ажырамас тіні ретінде келеді. Мәдениет қалыптастырушы діндер ділге, халықтың санасына, оның мәдени құндылықтарына әсер етіп, қоғам ішінде қатынастар түзе алады. Бізді біріктіретін де, біз сенетін де – ол біздің ішкі жағдайымызды қалыптастырады. Экстремистер де адамдар, тек өте қатқыл шешімдер қабылдайды. Діни экстремизм қауіпсіздікке, өмірге қатер төнідерітндей тек жаушылық туғызуға, зомбылық жасауға бағытталған. Сондықтан, рухани саналы тәрбие мен құрмет, толеранттылық, өзара үндестік пен мәдени қарым-қатынас және құндылықтарға тәрбиелеу керек. Сол кезде біздің қоғамымыздың барлық мүшесі өзара рухани келісім табады – дейді ол.

Отырыс барысында дінтанушы маман бірқатар тәуекелдіктер жайын да айта кетті. Олардың бірінші тобы – мемлекеттің тұрақтылығын құртуды көздейтін діни-экстремистік топтардың әрекеті. Бұл өте ойландырарлық әрі ғаламдық (мысал ретінде біздің отандастарымыз барған Сирия мен Иракты айтуға болады) дүние. Екінші топ – КСРО құлағаннан кейінгі діни алауыздық. Бұл енді аяқтан тұра бастаған Қазақстан аумағына дендеп кіріп алғысы келетін бәлкім, діни ұйымдардың немесе жалған діни ұйымдардың әрекеті. Олар сектанттық қызметін біраз белсенді түрде жүргізуге кіріскен. Маманның айтуынша, осылардың нәтижесінде адамның қоғамнан, отбасынан алшақтауы пайда болады да ол жалған құндылықтарға бой алдыра бастайды. Сөйтіп, діни канондық қағидаттардан ажырап кетеді.

–      Секталарға үгіт жұмыстарын тікелей жүргізуге шектеу қойылса да олар белсенді қимылдарын тоқтатар емес. Олар пәтерлерді аралап жүріп, кітаптарын таратады. Мәселен, «Иегова куәгерлері» сырт елдерден қыруар қаржылай көмек алып отырады. Шетелдерде үлкен орталықтары бар, ал қазақстанда тек олардың ұсақ бөлімшелері ғана. Бұл біздің қоғамымыз үшін өте қауіпті. Мәселен, протестанттық қозғалыстардың айтуынша, әскерде борышын өтеуге болмайды. Осы жерден қазақстандық қоғамның діни мазмұндағы пікір қайшылығы туындайды. Қоғамдық мәдени және діни құндылықтар арасында өзара байланыс орната отыру – қазіргі қоғам бізге соны меңзейді, – дейді В. Кинзирявый.

Бұл ағымдарға біздің жастарымыздың кіріп кету себебі, қай уақыттағыдай белгілі нәрсе. Жастау кезінде әрбір адам өзіне үлкен құндылықтар іздеу күйінде болады. Ал, ондай нәрсені өкінішке қарай, біздің отбасыларымыз да, мектептеріміз де бере алмайды. Екінші бір жолы – түрме субмәдениеті мен діни ағымдар элементтері болып табылады. Діни экстремизмге қарсы тұрудың жалғыз ғана жолы – олардың өз әдістерін өздеріне қолдану болып табылады. Яғни, терең білім, ағарту жолы. Ел азаматтары үшін барынша тарихи сана қалыптастыру керек. Сөйтіп, өмірдің барлық саласында дамыта отыру керек.

Жиын қорытындысында «Нұрлы білім» деструктивті ағымдардан зардап шегушілерге көмек орталығы» ҚБ-нің төрағасы Рүстем Сыздықов шығып, түйін жасады.

–      Сәтбаев, Жезқазғандағы сыртқа соғысуға кеткендер біз үшін үлкен қауіп туғызады. Сондықтан, аталған өңірлер біздің жіті бақылауымызда. Сирияға кеткен балалардың ата-аналарымен тілдесіп тұрамыз. Осылайша, біздің балаларымыз сол жақтарға барып, соларға уәделерін беріп, адамдарды өлтіруде. Бейресми деректерге сүйенсек, Сирияға кеткен 18-28 жас аралығындағы балалардың 80 пайыздан астамы сол жақта қаза тапқан. Жастар өз санасында өз-өзін құртып жіберу дегенді саналарына сіңіріп алады. Жұмақ жақын тұрнғанда тағы осыншама өмір сүріп не қажеті бар деген ойға беріледі. Сөйтіп, сол жаққа барады да қолына қару алып, адам өлтіре бастайды. Мұндай ой жетегіне берілген балаға енді ештеңе қызық емес болып қалады. Оның үстіне, олар ол жақта айына 1200 доллар алып отырады, – дейді Р. Сыздықов.

Мұнан шығатын қорытынды адам жанын түршіктіреді. Шекара асып кеткен жастардың көбі сонда жүріп өзара қырқысып-ақ қаза табады. Олай дейтініміз, радикалды ұйымдардың барлығының дерлік көп жылдардан бері тек биліктегілермен ғана емес, өзара да қырқысып жүргендіктері белгілі. Осы ретте, сонда барған жастардың басым бөлігі сондай өзара қырқысудың нәтижесінде қазаға ұшырап жатады. Сол үшін әрдайым олар қатарын толтырып алғысы келіп отырады. Немесе басқаша тілмен айтқанда, кәдімгі оққа ілігетіндер ғана керек. Ал, діни ағымдар жетегіне берілгендер, дәлірек айтқанда, адасқандарды ешқандай керемет өмір күтіп тұрған жоқ. Ең керемет жағдайда олар қолдарына автомат алады. Ал, болмаған күнде олар шаһидтың белдігін иеленеді. Сөз қорытындысында маман ислам радикализмінің пайда болу жолдарына қатысты өте тұщымды бейне материал ұсынды.

–      Жақында ғана мен Павлодарға бардым. Онда мұғалім 3 қыздың жүріс-тұрысынан өзгшелік байқаған. Дінмен көп әуестенеді, шүберекке оранып жүреді, мешітке барады. Ата-аналары болса, бұған еш мән бермеген. Егер біз оқушыларымыздың арасында жүріс-тұрысының өзгергенін, діни терминдердің пайда бола бастағанын байқасақ, бұл адам діни сектаның шырмауына түскен болып шығады. Мұндайда дереу теолог шақыртып, мешітке апару керек. Жезқазған мен Сәтбаев және Қарағанды облысынан адамдар ылғи соғысқа аттанып жатады. 2014 жылы біз алдын алу шарасы аясында жастардың 100 пайызын қамтығалы отырмыз. Сондай шараны өткізу барысында бір мектепте радикалды ағымдарға берілген 4 оқушыны ұстадық. Менің осы ретте ата-аналарға өтінішім, балаларыңызға қараңыздар. Егер оның басқа қызығушылықтары пайда болса, тілінде діни терминдер қалыптаса бастаса, онда онымен жұмыс істеу керек болады. Міндетті түрде оған дәстүрлі білім берілу керек. Айта кету керек, діни экстремизммен күрес – дінмен күрес емес. Біздің заңымыз діни сенім бостандығына кепілдік береді, – дейді ол.

Бүгінде ҚР аумағында тікелей желі қызмет етеді. Егер де сіз жоғарыда айтылғандай жағдайлармен кезіксеңіз немесе жалған діни ұйымдардың құрамына өтіп кетсеңіз, онда 144 телефонына хабар беріңіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Алдыңғы жаңалық
ТЕГІНЕН БЕЗУ...