$ 494.87  520.65  4.91

«Аружан Сайын лайықты»: қоғам белсенділері З.Балиеваның отставкасын талап етуде

Әлеуметтік желілерде Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиеваның отставкасын талап ететін қолданушылар саны артып келеді. Көпшілік Мәжіліс депутатын 7 жасар баланы тәуелсіз экспертизадан өткізбегені үшін айыптап, «өзіңе пиар жасауды тоқтат» деген жазбалар қалдыруда.

Еске салайық, ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауданында зорланды делінген 1-сынып оқушысын қорғаушылары мен қоғам белсенділері Шымкенттен Алматыға алып кеткелі жатқанда полицейлер оны әжесімен бірге тоқтатып алған болатын. Артынша екеуін ішкі істер департаментіне апарып тастаған.

Белгілі болғандай, қоғам белсенділері зәбір көрдім деген баланы Алматыға апарып, тәуелсіз экспертизадан өткізбек болған екен. Алайда, Зағипа Балиева оның тек Астанада ғана сараптамадан өтуі керектігін айтып, өзімен бірге елордаға алып келді. Қоғам белсенділері осыған наразылықтарын білдіруде. Олар әлеуметтік желілердегі өз жазбаларын #stopBaliyeva деген хэштегпен жазып жатыр.

«Зағипа Балиева баланы блогерлермен кездестіргелі жатыр. Мұнан кейін пирамидаға баланың әакесін алып келмекші. Бұл мемлекеттік пиарды тоқтату мүмкін емес. Балиеваны тоқтататын біреу бар ма?» - дейді Ержан Сүлейменов есімді желі қолданушысы.

Зағипа Балиеваның орнына Аружан Сайын лайықты деп жазып жатқан қоғам белсенділерінің де қатары көп.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары