$ 449.58  486.94  4.86

Бекжан Тұрыс: "Эстрадашылардың айғайына құлақ тұнады"

Қазақстанның танымал актері Бекжан Тұрыс қазіргі қазақ әуеніне қатысты пікірін бөлісті. DalaNews.kz басылымына берген сұхбатында өнерпаз қазіргі көп жерде айтылып жүргендердің дені "айғай-шудан құралған жалған патриотизм" екенін айтып берді.

Актердің айтуынша, сахнада жүргендердің дені жаңалық іздейміз деп, жар жағалап кететін көрінеді. "Өзгенің қаңсығын таңсық көруге бейілміз. Не іздесек те, жаңалықты да, жақсылықты да, тәрбиені де, тәжірибені де өз тарихымыздан, өз құндылығымыздан іздеуіміз керек. Біз қазір өзімізден іздемейміз. Өзіміздікіне алакөздене қарап, ескірген дүниенің сапына қоса саламыз", - деді актер тілшінің таза өнер мен халтураны ажырату жайындағы сұрағына.

Сонымен қатар, Бекжан Тұрыстың айтуынша, қазір құлақтан кіріп, бойдан тұрақ табатын әуезді әндер жоқтың қасы. "Дәстүрлі әндерімізді біз әлі де дәріптей алмай жүрміз. Біздің небір бұлбұл көмей, жезтаңдай әншілеріміз бар. Енді әннің өзі аманат қой. Соның аман-сау қалпында жеткізілуі ләзім. Сол аманатқа обал жасамай, салауатқа сауап жасамай, бүтін қалпында жеткізу - бүгінгі әншілердің міндеті. Қазіргі әндер "дігідік, дігідік шабамын, байдың қызын аламынның" төңірегінде", - деді ол.

Өнерпаздың айтуынша, бұған хас өнердің қадірін шоуға толы бағдарламалар жасайтындар кетіріп бітті. Эстрадашылардың айғайына құлақ тұнады. Олар ешкімді елемейді. Дәстүрлі әншілер мен эстрадашылар бірін бірі жамандаудан аспай жүр. Бізге дау-дамай қуып, өнбес істің соңын қуатын уақыт жоқ. Бағлан өнердің басын төрге сүйрейтін шын өнерпаздар өзара бірігіп, ұлт болмысына зиян келтірер істермен күресуді үйренгені абзал-ақ", - деді Бекжан Тұрыс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Бекжан Тұрыс