$ 494.87  520.65  4.91

Басты мақсат – халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай өңірдегі барша мемлекеттік қызметшілерді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы М.Ахметов құттықтады, деп хабарлайды Skifnews тілшісі.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біз мемлекеттік қызметтің кадрлық құрамын іріктеу және кәсіби даярлықтың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсартуымыз керек» деп мемлекеттік қызметке деген міндеттерді айқындап берді.  Айтылған сөздің айғағы ретінде, жуырда ғана «100 нақты қадам» атты Ұлт жоспарының ең басты алғышарты, әрі Жоспардың кіріспесі – «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» тетігінен бастау алып отыр. Бұдан мемлекеттік қызметшінің ел дамуы кезеңінде атқаратын рөлі ерекше екенін байқауға болады. Бұл мереке мемлекеттік қызметшілердің еселі еңбектеріне деген құрметтің айқын дәлелі» деді М.Азметов өз сөзінде.

Департамент басшысы бүгінде мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі – жұртшылықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру екендігін қадап айтты.

Оның мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметші – бір саланы қамтитын мамандық қана емес, ол Елбасымыздың саясатын жергілікті жерде жүргізуші, халық пен билік арасында тығыз байланыс орнатушы, елдің мұң-мұқтажын жеткізуші.

«Бір сөзбен айтқанда, олар - мемлекеттің бет-бейнесі және абыройлы қызметшісі. Президент мемлекеттік қызметшілерге үлкен сенім артып, үлкен міндеттер жүктеп отыр. Осы мақсат пен міндеттер аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің міндет – халыққа қызмет!» деп ұранымызды белгілеп берді», – деп атап өтті М.Ахметов өз құттықтауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары