Ватиканда Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды. Бұл туралы Мемлекет тарихы институтының директоры, профессор Бүркітбай Аяған мәлімдеді, деп хабарлайды АlmatyNews AA-нің тілшісі.
«Бұрын сонды айтылмаған дүниелерді зертеп, жарыққа шығаратын уақыт келді. Қазіргі таңда Қазақ хандығы туралы шетелдік қорлардан зерттелмеген материалдар табылып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстан ғалымдары шетелдік Ресей, Қытай, Иран, Франция, АҚШ ғалымдарымен қоян-қолтық бірлесіп жаңалықтар ашылуда. Жақында Ватиканда Қазақ хандығының XVI ғасырдағы картасы табылды», - деді Бүркітбай Аяған.
Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына жан-жақты зерттеліп «Қазақ хандығының құрылу тарихы» және «Қазақ хандары» атты кітап жарық көрген болатын.