Бүгінгі сөз 07.09.2015 сағат 05:37

Қанша қазақ газеттері жабылды?

Кезінде алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынов «газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген еді. Бүгінде заман өзгерді, техника дамыды, интернет заманы, газет журналдың уақытты өтті дегендей де пікір айтылып жүр.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Газеттің өз орны бар. Десек те қазақ басылымдары бірінен кейін бірі жабылып жатыр. Біз бүгін тәуелсіздік алған жылдардан кейін жарық көріп, түрлі себептермен қайта жабылып қалған қазақ басылымдары туралы сөз қозғамақпыз. Санамалай бастасақ ұзын саны біразға жетеді. Бірақ, айтқан сөзі алашқа тараған, оқырман ойынан шыққан бірнеше басылымға тоқталғанды жөн көрдік.

Олардың бірі де бірегейі батыстан шығып барша халыққа жеткен «Алтын орда» республикалық газеті болатын. Оның жарық көрген әрбір санын оқырмандар іздеп жүріп оқитындай деңгейге жетті. Ол  қазақ баспасөзіндегі тұтастықты қамтып, ұлт ойының биігіне көтерілген еді. Алғаш жарық көрген жылдары белгілі ақын Мейірхан Ақдәулет ағамыз редактор болды. Бірақ белгілі һәм белгісіз себептермен жабылып қалды.

«Айқара» республикалық қоғамдық-саяси апталығының аты да заты да өзге басылымдардан ерекшелеу болды. Газет проблемалық мақала жазып қана шектелмейтін. Сол жазылған мәселеге қатысты мамандардың пікірі, саяси жағы, экономикалық қыры бәрі-бәрін қоса зерттеп барып жариялайтын. Осының барлығын басылым айқара бетке жайып салатын. «Айқара» осы ерекшелігімен де оқырман ойында қалды.

 «Ұлт Times» газетін «алаш баспасөзіне жаңа леп алып келген басылым», деп бағалады оқырман. Расында да, алғашқы сандарынан бастап-ақ, мемлекет пен ұлттың, қоғам мен әлеуметтің өзекті мәселелерін қозғап, оқырманның көкейінен шығып үлгерген еді. Газеттің дизайныда өзгеше жасалатын. Алайда бұл басылымның да өмірі қысқа болды.

«Халық сөзі» бұқара халықтың көкейтесті ой-арманын ашық айта алатын өткір сөзге, өрелі пікірге жол ашатын басылым бола алды. Ол шын мәнісіндегі халықтың сөзіне айналған еді. Ол да жабылып қалды.

«Нұр Астана» газеті алғаш 2004 жылы экономикалық газет болып ашылған. Кейіннен республикалық жастар апталығы болып бағытын өзгертті. Ол республикалық деңгейде жарық көретін жалғыз жастар басылымы болатын. Қоғамдық-саяси мақалаларды да, әдеби-танымдық материалдарды да «Нұр Астана» апталығынан табуға болатын.

Қазақстан Жазушылар одағының жанынан«Әдебиет айдыны» деген әдеби бағыттағы апталық шығарылды. Төрт жыл қатарынан жарық көрген бұл газет те жұмысын тоқтатты.

Сондай-ақ, таза әдеби бағытта жұмыс жасаған «Кентавр» апталық газеті 2007 жылдан бастап қазақтың ақпараттық кеңістігінне желкенін жайып қосылған.  «Бұл газет өзге газеттерден өзгерек» болды. Мұны басылымның атауы да, мақалалардың жазылу стиліде, бағыты да айқындап тұратын. Ол газетті ұйымдастырып, халыққа ұсынған Маралтай мен Әмірхан ағалар еді. Өкінішке орай ол да жабылып қалды.

Көкшетаудан ақын Алмас Темірбайдың редакторлығымен шыққан «Алаш үні» газеті де республиканың түкпір-түкпіріне тарап, оқырмандардың оң бағасын алған басылымдардың бірі болды.

Біз белгілі де, белгісіз себептермен жабылып қалған қазақ басылымдарының біршамасын ғана айтып отырмыз. Болмаса жоғарыда айтқанымыздай шығарылымын тоқтатқан газеттер көп.

Skifnews.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар