$ 514.65  544.6  5.17

«22 мың доллар қайда?»: Белгілі заңгер Аружан Саиннан жиналған қаражатқа есеп беруін талап етті

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек «Дом» қайырымдылық қорының директоры Аружан Саинның «масқарасын шығарып», баланың еміне жиналған 22000 долларды қалтасына басқанын айтты.

Бұл туралы ол өзінің Facebook-парақшасында жазған.

Заңгер бұл сөзіне дәлел ретінде 2015 жылғы оқиғаны баяндап берген. 

Ал, оның сөзін науқас баланың анасы Мархабат Омишева да растап отыр.

«Аружан Саин Мархабат Омишева әпкенің баласы Ернардың суретін жариялап, операцияға деп ақша жинады. 22000$ ақша жиналды», – деген ол операция жасатуға анасы мен баласы Түркияға аттанғанын айтады. 

Алайда Омишеваны Аружан Саинның қызметкерлері шет елде қолына көк тиын ұстатпай тастап кетіпті.

«Ақшаға қатысты түсініспеушіліктер болды. Жиналған ақшадан қорға қалатын пайызы бар екен. Сол себепті олар ақшаны аудармады. Қызметкерлеріне телефон арқылы хабарлассаң айқайлайды. Дұрыс түсіндіріп бермейді. Бәрі орыстілді. Бір ауыз қазақша білмейді. Не керек, түрік тілін білмейтін Мархабат әпке менімен WhatsApp арқылы сөйлесіп отырып, ішетін тамақ суына дейін өзі алды. Дәрігерлермен сөйлесейін десе тіл білмейді, олар қалай келіскенін біз білмейміз, әбден шаршадық. Түркияда оқуда жүрген Нурат Ильяс ағама шықтым. Сол кісілердің көмегінің арқасында олар елге оралды», – деген ол Аружан Саиннан 22000 долларды қайда жібергенін сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары