$ 494.87  520.65  4.91

Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланы көпшілік ақтық сапарға шығарып салды

Астанада 4 ақпан күні қаза тапқан 5 қыз баланы елорда жұртшылығы ақтық сапарға шығарып салды. 

Жаназаға қайғы жұтқан отбасының туған-туыстары, көршілері, достары және елорда тұрғындары қатысты. 

Жаназа намазын оқыған имам сөзінен кейін марқұмдардың асы «Көктал» мейрамханасында берілетіні хабарланды.

Еске сала кетейік, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары