$ 494.87  520.65  4.91

Көпбалалы отбасыларға пәтер алу үшін арнайы сертификаттар беріледі – Жеңіс Қасымбек

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек алдағы уақытта көпбалалы отбасылар үшін пәтер алуға арнайы сертификаттар беру мәселесі қарастырылып жатқанын мәлім етті деп жазады BAQ.KZ.

Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі министерге сауал жолдады.

«7-20-25», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бойынша көпбалалы отбасыларға пәтер алу үшін қандай да бір жеңілдіктер  қарастыру жоспарда бар ма?», - деді журналист.

Осы орайда Жеңіс Қасымбек аталған мәселенің шешудің жолын айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бірнеше инструмент бар. Оның ішінде арендаға берілетін үйлер. Олар жергілікті әкімдіктердің тізімі бойынша беріледі. Оның ішінде көпбалалы отбасыларда бар. Ол 4 баладан басталады. 

Қазіргі таңда тізімде көпбалалы 28 мың адам отбасы бар. Өткен жылы аталған бағдарлама бойынша 500-700 пәтер көпбалалы отбасыға берілді», - деді министр.

Оның айтуынша, биыл жалға берілетін тұрғын үйлерді салу үшін  әкімдіктерге қосымша 10 млрд теңге беріліп жатыр екен.

«Бұл үйлер тек қана көпбалалы отбасыларға емес, мүгедектер бар, басқа да әлеуметтік топтарға беріледі. Жалпы олар үшін биыл 4 мың пәтер салынады. Оның ішінде 700-і көпбалалы отбасы үшін.. Бұл – арендалық тұрғын үйлер», - деді министр.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек көпбалалы отбасыларға пәтер алу үшін арнайы сертификаттар берілетінін жеткізді.

«7-20-25» бағдарламасы, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бойынша бойынша жыл сайын 10 мыңнан астам пәтер салынады. Осындай категорияларға (көпбалалы отбасыларға – автор) көмектесу үшін Елбасы әкімдіктерге тұрғын үй сертификаттарын беру туралы тапсырма берді. Ол бойынша заңға өзгерістер енгңізіп жатырмыз. 2-3 айда бұл заң қабылданады деп жоспарлап отырмыз. Осы заңның арқасында әкімдіктер бұл сертификатты үйге мұқтаж отбасыларға бере алады», - деді ол.

Сонымен қатар министр аталған сертификат екі түрлі болатынын жеткізді.

«Біріншісі, қайтарылмайтын қаражат. Мысалы, көмек ретінде сертификат «7-20-25» бағдарламасының бастапқы қаражатының жартысын өтеп береді.  Әр өңірде бұл сертифкаттың көлемі әртүрлі болуы мүмкін. Бюджетке байланысты өзгеріп оытрады. Екінші сертификат 10-15 жылда қайтарылуы керек. Аталған заң 2-3 айда қабылданады. Ол мәжілістің бірінші оқылымынан өтті. 2-3 аптадан соң заңның екінші оқылымнан өтеді», - деп түйіндеді сөзін Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, осыған дейін көпбалалы отбасыларға берілетін пәтерлердің саны артуы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары