13.02.2019, 04:32

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованы зорлап өлтіргендерге сот үкімі шықты

Қостанай облысында медициналық университеттің студенті Дарья Махартованы зорлап өлтірген 2 қылмыскерге сот үкімі шықты деп жазады informburo.kz.

Сотта Дарья Махартованы 2 азаматтың зорлап, айуандықпен өлтіргені дәлелденді. 

26 жастағы Руслан Ахановқа 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

30 жастағы Анатолий Шевченко 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Екеуі де алкогольге тәуелділікке мәжбүрлеп емделетін болды.

Еске сала кетейік, осыдан 7 ай бұрын 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. Денесінде зорлық белгілері болғаны анықталды.

Кейін оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмысық іс қозғалды. Немқұрайлық танытқан полицейлер қамауға алынды.