Жаңалықтар 22.11.2018 сағат 03:44

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованы өлтірген күдікті ұсталды

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованың ісіне қатысты тергеу аяқталды. Енді қылмысты сот қарайтын болады деп жазады Alau.kz.

Қостанайда 18 жастағы Дарья Махартованы өлтірген күдікті ұсталды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Марқұм қыздың анасын 20 қараша күні полицейлер шақыртып, тергеудің біткені жайлы хабарлаған. Оған күдіктінің қылмысын дәлелдеу үшін барлық дәйектер жеткілікті екенін айтқан.

Еске сала кетейік, осыдан 4 ай бұрын 18 жастағы Дарья Махартова үйінен шығып, қайтып оралмаған. Із-түзсіз жоғалып кеткен Затобол ауылы тұрғынының денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылды. Денесінде зорлық белгілері болғаны анықталды.

Кейін оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша қылмысық іс қозғалды. Немқұрайлық танытқан полицейлер қамауға алынды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар