$ 498.34  519.72  4.85

Ақмола облысында жол апатынан 2 адам қайтыс болды

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданының Спасск ауылында «Атбасар-Көкшетау» трассасының бойында көлік апаты болды.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

«Атбасар-Көкшетау» трассасының бойында көлік апаты болып, 2 адам көз жұмды, тағы 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ақмола облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, кеше Сандықтау ауданының Спасск ауылында «Атбасар-Көкшетау» трассасының бойында көлік апаты болды. 

74 жастағы Атбасар тұрғыны басқарып келе жатқан Lada Kalina көлігі қарсы бағытта келе жатқан Lada Priora көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Оны Петриковки ауылының 31 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан. 

Жол апатының салдарынан көліктердің жүргізушілері мерт болды. Lada Kalina-да отырған жолаушы әйел мен Lada Priora-дағы 4 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Сандықтау аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. 

«Жолдағы қауіпсіздік деңгейін арттыру мен жол апаттарының алдын алу үшін Ақмола облысының аумағында тәртіп сақшылары биылғы жылдың басынан бері 20 жедел-профилактикалық шара өткізген. Осыған қарамастан қазіргі таңда облыс жолдарында жол апатымен байланысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Апаттардың көпшілігі жол ережесін өрескел бұзумен, жылдамдық режимін бұзу, жолда жүру ретіне бағынбау, қарсы бағытқа шығу, ара қашықтықты қадағаламау, жаяу жүргіншілерге арналған жерлерден өту тәртібін сақтамау, мас күйінде көлік жүргізу сияқты әрекеттермен байланысты болып отыр. Жол ережесін жаяу жүргіншілердің де бұзатын кездері болады»,- деп қосты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Осылайша, жыл басынан бері облыс аумағында 281 жол-көлік апаты болып, оның салдарынан 34 адам қайтыс болды, 390 адам түрлі дене жарақаттарын алды. Мас жүргізушілердің кесірінен 24 жол апаты болып, 3 адам көз жұмды, 31 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары