$ 494.87  520.65  4.91

Абай-175: Еріктілер Алматыдан Абайға дейін жаяу бармақшы

Алматы қаласынан бастау алатын орында қала əкімі Бақытжан Сағынтаев өз қолымен еріктілерге ту табыстау рəсімімен бастау жоспарланып отырғанын да айта кеткен жөн.

Алматы қаласынан Абай Құнанбайұлының туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай ауылына дейінгі қашықтықты жаяу жүріп өту үшін арнайы еріктілер тобы экспедициясын бастайды, - деп хабарлайды Sn.kz.

«Алматы қаласынан ту ұстап шығатын 4 ерікті 1200 шақырым қашықтықты жүріп өтуді мақсат етіп отыр. Күніне 40-50 шақырым жүріп өтуді жоспарлауда. Белгілеген межеге жету үшін оларға бір ай уақыт кетеді екен. Экспедицияның ең соңғы нүстесі - Жидебай ауылындағы Абай мұражайы», - дейді ұйымдастырушы Арман Шораев.

Алматы қаласынан бастау алатын орында қала əкімі Бақытжан Сағынтаев өз қолымен еріктілерге ту табыстау рəсімімен бастау жоспарланып отырғанын да айта кеткен жөн.

Абай мұражайына жеткен соң еріктілер «Абай жолы» ізімен Абай оқыған медреселер мен тұрған жерлерін аралайтын болады.

Жобаға қатысушылар:

1) Жоба басшысы Дамир Кушеев

2) Ермек Кубашев

3) Данияр Балтабаев

4) Даулет Кушеев (видео-фото оператор)

Өздерінің жүріп өткен жолдарын толық көрсететін арнайы видео жəне фото жазбаларын Инстаграм əлеуметтік желісіндегі @damir_za_mir_almaty парақшасына жариялайтын болады.

Естеріңізде болса, Қазақстан бойынша қазақ елінің ұлы ойшылы, ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аталып өтілуде.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жыл ЕРІКТІЛЕР жылы деп жариялаған болатын.

«Бұл экспедиция Абай Қүнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Ең бастысы біздің идеямызды Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі де қолдауда. Сондықтан бұл игі шараны

мерейтой қарсаңында сәтті ұйымдастырылып отырған жоба деп есептеймін. Экспедицияның барлық бағыты мен жаңалықтарын әлеуметтік желілерде жариялап отыратын боламыз. Еліміздегі мына қиын қыстау кезеңде мұндай бастаманы жүзеге асыру да оңай емес. Дегенмен қазақтың мақтанышы, бренді болған Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы тасада қалмауы керек деп есептеймін», - дейді Арман Шораев.

Алд жоба Дамир Кушеевтің айтуынша «Абай жолы» жобасының мақсаты жастарымыздың қазақ елінің тарихына, мəдени жəдігерлеріне қызығушылығын арттыру, жастардың рухани жағынан дамытуы.

«Еліміздегі қазіргі жағдайды көріп, түсініп отырмыз. Біздің бұл жоспарымызды сынаушылар да табылып қалар. Дегенмен біздің мақсат жастарымызды тарихқа, тарихи және мәдени жәдігерлерге қызығушылығын арттыра отырып, жастарды дамту болып табылады. Сондықтан біз бұл жобаны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қарсаңында жүзеге асыруды жөн көріп отырмыз. Бұл айтулы датаны Қазақстанда ғана емес, ЮНЕСКО көлемінде атап өтетініміз белгілі ғой. Ендеше жобаға қатысуға ниет білдірген батыл жастарға алғыс айта отырып, сәттілік тілейміз», - дейді Дамир Кушеев.

Абай Құнанбаев (1845-1904) - ұлы ойшыл, ұлы ақын. Абай философиясы еліміздің мəдениетінің ажырамас бір бөлігіне айналған. Абай Құнанбаевтың атаулы мерейтойы халықаралық деңгейде ЮНЕСКО бойынша аталып өтілетін болады. Абай - 170 өлең жолдары мен 56 аудармалар мен поэмалар авторы. Философиялық ой салатын 45 («Қара сөздері») «Ғибаратты сөздері» көпке танылып кеткен. Абай сондай-ақ композитор ретінде де танымал, оның бізге жиырмадан астам əндері жеткен.

Жобаға қатысуға ниет білдірген жастардың көзінде жалын ойнап тұр. Ең бастысы, жастарымыздың қазақ елінің тарихына, мəдени жəдігерлеріне қызығушылығын арттыру, жастардың рухани жағынан дамыту мақсатында ұйымдастырылып отырған Абай жолы» жобасы өз деңгейінде ұйымдастырылып, өтеді деген сенім білдірді.

Айта кетейік, атаулы шара Алматы қаласының əкімдігінің, сондай-ақ, республикалық жəне қалалық БАҚ өкілдерінің қолдауымен өтеді.

Жаяу жүру экспедициясы басталатын уақыты мен орны: 2020 жылы 12 маусым Алматы қаласы, Республика алаңы Тəуелсіздік монументі. Жиналу 16:00-де.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Арман Шораев Алматы қаласынан Абай Құнанбайұлының туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Жидебай ауылына дейінгі қашықтықты жаяу жүріп өту үшін арнайы еріктілер тобы экспедициясын бастайтынын хабарлаған болатын. Алматы қаласынан ту ұстап шығатын 4 ерікті 1200 шақырым қашықтықты жүріп өтуді мақсат етіп отыр. Күніне 40-50 шақырым жүріп өту жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары