$ 443.37  474.49  4.83

Депутаттық этика жөніндегі кеңес Мұхтар Тінікеевтің өтінішін қарады

Көкшетаулық мәслихаттың экс-депутатын сабап, бейәдеп қылығымен жұрттың жағасын ұстатқан Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеев өз сайлаушылары мен әріптестерінен кешірім сұрады. Сондай-ақ, ол Орталық сайлау комиссиясынан депутаттық өкілеттігін тоқтатуға өтініш берген.

Бүгін Депутаттық этика жөніндегі кеңес Тінікеевтің осынау өтінішін қарап, оны мақұлдады деп хабарлайды ҚР Парламентінің ресми сайты.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Мұхтар Тінікеевтің дастархан басында мәслихаттың экс-депутаты Полевойды ұрып, балағаттап жатқан сәті түсірілген видеоматериал әлеуметтік желілерде тарап кеткен болатын. Артынша тілшілерге сұхбат берген Мәжіліс депутатының өзі мұны жай әзіл екенін айтып ақталған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары