$ 445.66  474.58  4.78

Қазақстандағы шенеуніктердің жалақысы 2 есеге өсуі мүмкін

Мұндай ұсынысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев жасап отыр. Есесіне мемқызметкерлердің үштен бірін қысқарту керек дейді ол. Шенеуніктің пікірінше, бұл қадам мемлекеттік органдардағы жемқорлықтың деңгейін әлдеқайда төмендетпек.

Оның пікірінше, Қазақстандағы мемқызметкерлердің 35%-ын қысқарту арқылы қалғандарының жалақысын екі есеге дейін өсіруге болады екен. Сөзіне мысал ретінде Шпекбаев Грузия мен Балтық елдеріндегі реформаларды атап көрсетті.

"Үлкен реформа жүргізген елдердің барлығы, мысалы Грузия, Молдова, Шығыс Еуропа елдері мен Балтық жаңалауы елдері мемқызметкерлердің жалақысын көтеруді осындай жолмен бастаған. Мәселен, Грузияда жалақы үш есеге дейін өсіп, мемқызметкерлер саны 2 есеге қысқарған болатын. Біз Ерғожин мырзамен бұл мәселені талқылап көрдік. Егер біздің елде мемқызметкерлер санын 35 пайызға қысқартсақ қалғандарының жалақысын екі есеге дейін өсіруге болады", - деді ол Сенат депутаттарымен болған кездесу барысында.

Шпекбаевтың пікірінше, Қазақстанда бұл реформаны жүргізуге ешқандай кедергі жоқ. Бастысы елде жемқорлық көрсеткіші төмендейді дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары