$ 444.22  476.38  4.82

Мемлекет басшысы Шахандағы апаттан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты

Қарағанды облысы Шахан кентінде болған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың туыстарына көңіл айтты деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қарағанды облысы Шахан кентінде көп пәтерлі үйдің кіреберісі құлап, адам шығынына әкеп соқтырғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Қазақстан Президенті Қарағанды облысының әкіміне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарға зардап шеккен тұрғындардың бәріне жан-жақты көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдап, төтенше оқиғаның себебін анықтау жөнінде тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары