$ 446.49  475.38  4.79

Аслан Мусин зейнетке шығып, жұмыссыз қалды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Аслан Мусин қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Аслан Еспуллаұлы Мусиннің зейнет жасына келуіне байланысты Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы, Босния және Герцеговина, Черногория елдеріндегі Төтенше және уәкілетті елші қызметінен босатылды", - деп мәлімдеді ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Аслан Мусин ҚР Президенті әкімшілігін 2008-2012 жылдар аралығында басқарған. 2012 жылдың 21 қыркүйегінде Есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

2014 жылдың наурыз айынан бүгінге дейін Аслан Мусин Хорватиядағы Қазақстанның елшісі қызметін атқарып келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары