$ 448.56  478.03  4.79

Б.Сағынтаев Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың алғашқы отырысын Шахан мен Шымкенттегі апаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтудан бастады деп жазады Informburo.kz.

"Өкінішке қарай, жаңажылдық мерекелер күні елімізде бірқатар төтенше жағдайлар орын алды. Шахан елдімекенінде жылыту қазандығы жарылды. Салдарынан бес қабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлады. Кеше жылыту орталығындағы апат салдарынан Жезқазған қаласының тұрғындары мен өндіріс нысандары электр жарығынсыз қалды. Алайда, дер кезінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жылу да, электр жарығы да жылдам халыққа қайта жеткізілді. Сондай-ақ, төтенше жағдай күні кеше Шымкентте де орын алды. Өкінішке қарай адам шығыны бар. Қайтыс болғандардың туған-туыстарына Үкімет атынан көңіл айтамын", - деді Б.Сағынтаев министрлер кабинетінің алғашқы отырысын ашу барысында.

Үкімет басшысы аталған апаттар салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қарағанды облысының әкіміне және үкімет мүшелеріне тапсырма берілгенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары