$ 494.87  520.65  4.91

Премьер-министр уақытша тіркеуге байланысты туындаған шу үшін Ішкі істер министрін сынға алды

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты уақытша тіркеуге байланысты туған дүрлігу үшін сынға алды деп жазады Tengrinews.kz.

"Тағы бір мәселе - азаматтарды уақытша тіркеуді енгізу. ХҚКО-ларда қандай жағдай болып жатқанын көріп отырмыз. Мәлімет аз, сұрақ көп. Біздің меморгандар түсіндіргісі келеді, бірақ халық оны қабылдамай жатыр", - деді Сағынтаев.

"Бізде заңға қашан қол қойылды?", - деп сұрады үкімет басшысы Қасымовтан.

"28 желтоқсанда", - деп жауап берді министр. Оның сөзін Сағынтаев заңға 22 желтоқсанда қол қойылғанын айтып, түзеді.

"Бірінші рет қашан түсіндірдік? Біз ХҚКО-ларда дүрлігу туғаннан кейін ғана түсіндіре бастадық. Бұл норманың халыққа қатысты екенін түсіндік, біз 22 желтоқсанда түсіндіру жұмыстарын бастап кете алар едік, сонда қазір ХҚКО-ларға келіп жатқан 40 мыңның 17 мыңы уақытша тіркеуге келіп, қалғандары заңдастыратын еді. Бірақ олар осы күндері келмей-ақ қойса да болар еді, солай ма? Олар тіпті бір жылдың ішінде асықпай келе алар еді, айтарлықтай дүрлігу тумас еді. Адамдар не істерін білмей ХҚКО-ларға бара бастады", - деді үкімет басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары