$ 448.89  477.93  4.76

Б.Сағынтаев шалғай ауылдарда кинозалдар ашудың қажетігін айтты

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында сапалы қазақстандық киноны түсіру және шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар салу қажеттігін айтты. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Бүгін Үкімет отырысы аясында «Кинематография туралы» Заң, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияның одан әрі дамуының негізгі бағыттары көрсетілген.

Сонымен қатар отырыс барысында болашақ қазақстандық кинематография туралы осы саладағы белгілі өнер иелері өз пікірлерімен бөлісті. Олардың арасында Халық әртісі Асанәлі Әшімов, кинорежиссер Ақан Сатаев, «Меломан» компаниясының бас директоры Вадим Голенко, режиссер Рүстем Әбдірашев, «Арман» кинотеатрлар желісінің директоры Бауыржан Шүкенов, Қазақстан кинематографистерінің төрағасы Ақан Ибраев, режиссер және продюсер Рашид Нұғыманов бар.

Сөз сөйлегендерді тыңдаған соң Премьер-Министр кинотеатрларға көрермендерді көптеп тарту үшін жоғары сапалы фильмдер түсіру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар ол әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде кинозалдар сананың жеткіліксіздігіне назар аударды. Осыған байланысты Б.Сағынтаев әсіресе, моно- және шағын қалаларда осы салаға бизнесті тарту тетіктерін ойластыруды тапсырды.

Премьер-Министр өзінің орынбасары И. Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заң жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары