$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде

Астанада ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етуде. Отырыс кезінде әрбір министр Елбасы алдында атқарған жұмыстарына есеп береді деп күтілуде.

Бұған дейін әр министр өткен жылдың 11 айының қорытындысы жөнінде Үкімет басшысының алдында есеп берген болатын деп жазады Хабар-24. Алдымен экономикалық көрсеткіштерге тоқталып өтсем, бұл кезеңде металлургия өнеркәсібі – 6,8%, тоқыма өндірісі – 3,8, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 4,5%-ға артқан. 2016 жылы жаһандағы қаржылық жағдай әлем экономикасына үлкен соққы жасады. Қаңтарда құлдыраған мұнай құны нарықты әуре-сарсаңға салды. Әрине, бұл ретте Ұлттық қордың қаржысы ортаймай ма деген қауіп төнді. Дегенмен, қара алтын құны тұрақтанып, Қазақстанға әр сала бойынша тартылған инвестиция көлемі көбейді. Сауда-саттық жанданды. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және өңдеу өнеркәсібі сынды салалар экономикалық өсімді қамтамасыз етті. Статистикаға сүйенсек, қаңтар мен қараша аралығында шамамен 175 мың адам жұмысқа орналасқан. Ал «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қаражаттың 92%-ы игерілген. Өткен жылы шамамен 9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 6 трлн теңге кіріс түскен. Бұл – тәуелсіздік жылдарында жеткен ең жоғары көрсеткіш. Дегенмен олқылықтар да жоқ емес. Бірқатар министрлік қазынадан қарастырылған қаржыны игере алмаған. Салдарынан 7,5 млрд теңге игерілмеді. Ал, Елбасы басты назарда ұстап отырған ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,5%-ға өсті. 23 млн тонна астық қамбаға құйылды.

Айта кетейік, Президент жуырда ғана халыққа Жолдауында да агроөнеркәсіп саласын дамытуға айрықша мән беріп өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жуырда конституциялық реформаны жариялап, 40-тан астам президенттік құзыретті Парламент пен Үкіметке бөліп беру керектігін айтқан болатын. Бұл ретте Үкіметке артылған жауапкершілік еселене түспек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары