$ 498.34  519.72  4.85

Назарбаев облыс әкімдерінің еріншектігін сынға алды

Бүгін Астанада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кейбір облыс әкімдерін сынға алды деп жазады Tengrinews.kz.

"Биыл біз алғаш рет жекеменшік серіктестіктің пайдасын көрдік. Бірақ, біреулері жақсы жұмыс істесе, еікншілері әлеуметтік мәселелерді шешуде жеке инвестицияларды дұрыстап тарта алмайды. Кейбір облыстарда шағын балабақшалар мен мектептерді жүздеп ашып тастады, ал, өзгелерінде түк істелмеген. Осында қазір әкімдердің бәрі отыр. Олар көрші облысқа барып, не болып жатқанын біліп келуге ерінеді. Ал, өздері тек мемлекеттің ақшасына ғана арқа сүйеп, түк бітірмейді", - деді Н.Назарбаев Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің баяндамасынан кейін.

Айта кетейік, Бүгін Үкіметте министрлер атқарған істеріне есеп беріп, Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында баяндама оқуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары