ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2017 жылдық Қазақстан экономикасы үшін ауыр жыл болатынын болжап отыр. Бұл туралы ол бүгін Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты.
«2017 жыл біздің елдің экономикасы үшін ауыр жыл болады деп күтілуде. Жаһандық экономиканың өзін негізгі ресурстардың бағасына, АҚШ әкімшілігінің жаңа сауда-экономикалық саясатына, валюта бағамдарының тұрақсыздығына, бірқатар елдердегі әскери қақтығыстарға байланысты күрделі сынақтар күтіп тұр. Осындай күрделі жаһандық саяси-экономикалық жағдайда біз Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстанды жаңғыртудың үшінші кезеңін бастаймыз», - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, елімізде еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған жұмыстар одан әрі жанданатын болады. Сонымен қатар, қазақстандық өнімдердің бәсекеге қабілеттігін арттыру, оны экспорттау шаралары да жалғасын таппақ.