$ 447.4  477.55  4.76

Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі дәрілердің бағасын көріп шошыды

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі дәрілердің бағасын тексеру мақсатында дәріханаларға зейнеткер ретінде барды деп жазады Tengrinews.kz. Облыс әкімі дәрілердің шынайы бағасын білгенде шошып қалғанын айтып отыр.

Өңірдің денсаулық сақтау саласына жауапты қызметкерлермен жиын өткізген Бердібек Сапарбаев олардың атқарған жұмысына көңілі толмайтынын ашып айтты. Облыс әкімін Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау департаменті басшысының "дәрілердің бағасы тұрақты" деп берген есебі де шошытып отыр.

"Неге өтірік айтасыздар№ Төмен баға көрген жоқпын. Өзім жеке барып тексеріп шықтым, бірнеше дәріханада болдым. Бағалар тіпті 1 пайызға да төмендемеген. Бәлкім, сіздің өзіңіз ғана баратын басқа дәріханаңыз бар шығар? Мен әдейі қарапайым тұрғын ретінде дәріханаларды аралап шықтым, бағаларды өз көзіммен көрдім. Менің жүрегім ауырды мына бағалардан. Әр дәріханада шағымдануға арналған телефонның номері жазылып тұруы керек. Кейбір аудандарда баға 2-3 еселеп өсіп кеткен. Ауыл тұрғындары дәрі алу үшін қалаға қатынап жатады. Дәріге жете алмай біреу қайтыс болып кетсе қайтесіздер?", - деді Б.Сапарбаев есептік жиында.

Оның айтуынша, шенеуніктер дәріханаларды тексеріп, меморандум бойынша қаншалықты жұмыс жасап жатқанын анықтағысы келмейді. Сондықтан, өңірде әлеуметтік дәріханалар ашу мәселесін қарастыру керек дейді өңір басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары