$ 494.87  520.65  4.91

Депутаттар Астанаға Назарбаевтың атын беру мәселесін тағы көтерді

Сенатор Дархан Қалетаев Астанаға және еліміздегі бірқатар нысандарға президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру мәселесін көтеріп отыр.

"Мен 2008 жылы Астана халықаралық әуежайына Президенттің - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруді ұсынған болатынмын. Бұл ұсыныс қоғамда кең талқыланып, оң бағасын алды деп ойлаймын. Осыған байланысты, Президенттің атын Астанаға және еліміздегі бірқатар нысанға беру туралы әріптестерімнің ұсынысын маңызды ұсыныс деп есептеймін", - дейді Дархан Қалетаев. Бұл туралы ол Парламенттің қос палатасы бірлесе өткізген жиын барысында айтты.

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев те бұл ұсынысты толықтай қолдайтынын жеткізді. Оның айтуынша, президенттің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі орасан зор.

Депутат Бақытгүл Хаменова болса Астананың атауын Елбасы деп ауыстыру керектігін айтады. Ол сондай-ақ, Астана әуежайына Назарбаев атауын беру керек дейді.

Естеріңізге салайық, былтыр да Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Астанаға президенттің атын берейік деп бастама көтерген болатын. Алайда, оның бұл ұсынысы қоғамда күлкі мен мазаққа айналып, соңында депутат көпшілікке ренішін білдірген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары