Қазақстан Президенті «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Іс-шара барысында Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндалды.
Бұдан бөлек, Елбасы қаланы дамытуға бағытталған бірқатар жобаның іске асырылу барысымен танысты. Соның қатарында инфрақұрылым және әлеуметтік-мәдени, коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысы бар.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.