Билік 13.03.2017 сағат 06:18

Өзбекстан президенті Наурыз мерекесін Астанада қарсы алады

22-23 наурызда Астанада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев сапармен болады. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«22-23 наурызда Астанаға Өзбекстан президентінің алдағы сапарынан кейін, Қазақстан елордасына Орталық Азиядағы мемлекеттердің кейбір басшыларының да сапарлары трансұлттық сипаттағы мәселелер алдында елдердің бірлігінің тағы бір дәлелі болатынына сенімдімін», - деді министр.

Осы орайда Қ.Әбдрахманов Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасында екіжақты және көп жақты негізде шешілмеген мәселелер жоқ екенін атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 2017 жылғы наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні белгілі болды.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар