$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды облысының экс-әкіміне жаңа жұмыс табылды

Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Есеп комитетіне тқраға болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын», - делінген Президенттің жарлығында.

Еске салайық, бүгін Н.Назарбаев Қарағандыда болып, облыс әкімін алмастырды. Экс-әкім Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі болған Ерлан Қошанов тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары