$ 444.32  473.33  4.76

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының активімен кездесті

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына келді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Твиттер-парақшасында.

Президент облыс орталығында болып, жергілікті активпен кездесуде.

Айта кетейік, бүгін таңертең Елбасы Қарағанды облысында болып, облыс әкімін алмастырған еді. Бұған дейін өңірді басқарған Нұрмұхамбет Әбдібековтің орнына Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі Ерлан Қошанов тағайындалды.

Ал, күні кеше Sayasat.org порталы облыс әкімдерінің ауысатыны туралы болжам жасаған болатын. Порталдың дереккөзіне сенсек, бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қызметінен кетіп, оны ҚР Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Құмар Ақсақалов алмастыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары