Мемлекет басшысы Мәлік Мырзалинді Ақмола облысының әкімі қызметіне тағайындады деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі өзінің Твиттер-парақшасында.
М.Мырзалин бұл қызметте Сергей Кулагинді алмастырып отыр. Зейнет жасынан асқан Кулагинге қандай қызмет берілетіні әлі белгісіз.
Мәлік Мырзалин болса бұған дейін ҚР Президенті іс басқармасы басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қарағанды мен Маңғыстау облыстарының әкімдерін алмастырған болатын.