$ 498.34  519.72  4.85

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Ералы Тоғжанов Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Марат Тәжин жұмыс сапарымен Ақтауға келіп, облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты. Отырыс барысында Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының мәслихат депутаттарына арналған хатын оқыды. Бұл хатта облыс әкімі қызметіне Ералы Тоғжановтың кандидатурасы ұсынылған. Депутаттар Президенттің ұсынысын бір ауыздан қолдады.

Осы қызметті 2013 жылдан бері Алик Айдарбаев атқарған болатын.

Ералы Тоғжанов бұған дейін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары қызметінде болды. Ол - саясаттану ғылымдарының докторы. 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Жоғары білімді: Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары