$ 445.66  474.58  4.78

Бақытжан Сағынтаев алғаш рет аймақтарға іс-сапармен шықты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі. Сағынтаевтың бұл Премьер-министр болғалы аймақтарға жасап отырған алғашқы жұмыс сапары.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. 

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысымен танысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары