$ 494.87  520.65  4.91

Алик Айдарбаев ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Бұған дейін Маңғыстау облысын бірнеше жыл қатарынан басқарған Алик Айдарбаев ҚР Инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары боп тағайындалды. Бұл туралы аталған ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

«Бүгін ұжымға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Бірінші вице-министрі болып тағайындалған Алик Айдарбаевты таныстырдым. Алик Айдарбаев мемлекеттің маңызды салаларында қызмет атқарып келе жатқан аса тәжірибелі тұлға. Елбасының сеніміне ие болған мықты ұйымдастырушы, іскер басшы ретінде өзін Маңғыстау облысының әкімі болып тұрғанда және оған дейінгі қызметтерінде жан-жақты көрсеткен еді. Ендігі ретте Алик Серікұлын тағы да үлкен жұмыстар, жаңа міндеттер күтіп тұр. Аса тәжірибелі маманның келуімен министрлік жұмысы одан әрі жанданып, Мемлекет басшысы мен Үкімет алдындағы міндеттерді ойдағыдай атқаруға атсалысады деген сенімдемін», - делінген министрдің әлеуметтік желідегі жазбасында.

Естеріңізге салайық, 14 наурыз күні Мемлекет басшысы еліміздегі төрт облыстың әкімдерін алмастырған болатын. Алик Айдарбаевтың орнына Маңғыстау облысының әкімі болып Ералы Тоғжанов тағайындалды. Сонымен қатар, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында да ауыс-түйістер орын алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары