$ 449.58  486.94  4.86

Назарбаев билікте ұзақ отыруының себебін түсіндірді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше отандық телеарналарға берген сұхбатында билікте ұзақ отыруының себебімен бөлісті. Елбасы сондай-ақ, өзінің президенттік мерзімі 2020 жылы аяқталатынын да қазақстандықтардың есіне салды.

«Мен қолымда барын істедім, енді менен кейін бұдан да жақсы істеп көрсін». Бұл - танымал бір саясаткердің сөзі. Ол өте жақсы жауап берді. Сондықтан ұзақ жұмыс істей ме, аз жұмыс істей ме, сосын адамның жасы да көп нәрсені шешеді деп айта алмаймын. Өйткені 30 жастағы адамның өзі кәрі адам ұқсап жүруі әбден мүмкін. Меніңше, Мемлекет басшысы xалықтың жағдайын жақсартып жатыр ма, жоқ па, дәл осыны басты талап ретінде қарастырған жөн. Мәселен, Маргарет Тэтчер «Англия мені қанша қажет етсе, сонша жұмыс істеймін», - деп жауап берген. Сөйтіп, шаршағанша жұмыс істеймін деген. Ал Уинстон Черчиль, «Менің бұл қызметте отырғаным кездейсоқтық емес, заңдылық» деген екен. Ал, енді, шынымды айтсам, Президент болу оңай емес, үнемі ой шырмауында жүресің, мемлекетке тағы не істеуге болатынын ойлайсың. Мен өзіме сұраныстың бар екенін сезіп отырмын. Ол жұмыс қолымнан келеді де», - деді Нұрсұлтан Назарбаев отандық бұқаралық ақпарат құралдарымен болған кездесуде.

Мемлекет басшысы өзінің президенттік мерзімі 2020 жылға дейін жалғасатынын тағы бір мәрте еске салды.

«Ойлануға әлі де уақыт бар. Барлығы xалықтың сеніміне байланысты болады. Ол - бір. Екіншіден, жұмыс істеп жатқан адамның денсаулығы мен күш-жігеріне байланысты. Меніңше, бұл қызметте бар күшіңді, тәжірибеңді, тіпті өміріңді сарп етуге әзір болу керек. Олай істеуге жағдайың келмесе, ол жерде текке уақыт кетірудің қажеті жоқ», - деп атап көрсетті Президент.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары