Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне Оңдасын Сейілұлы Оразалин тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Бүгін осы тағайындауға қатысты Мемлекет басшысының Жарлығы жарияланды. "Оңдасын Сейілұлы Оразалин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын", - делінген аталған құжатта.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Өкімімен Оңдасын Сейілұлы Оразалин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған еді.