$ 494.87  520.65  4.91

Балқаштың шенеуніктері саунада арақ ішіп, төбелес шығарған

Балқаш қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әнуар Самиевтің тәртіптік ісі Қарағанды облыстық этике жөніндегі кеңесте қаралды.

Қызметтік тексеру мәліметтеріне сәйкес, саунадағы шулы отырыс биыл қаңтар айының соңында орын алған. Сәмиевпен бірге саунада "Балқаш Су" коммуналды мемлекеттік мекемесінің тағы бірнеше қызметкері болыпты. Шенеуніктер шомылып қана қоймай, спирттік ішімдіктер де ішкен екен. Мас боп қалған әріптестер төбелес шығарып, салдарынан "Балқаш Судың" бір қызметкері түрлі дене жарақаттарын алған.

Тексеру материалдарында көрсетілгендей, Сәмиев саунадан айтарлықтай мас болып шыққан. Ал, ол кеткеннен кейін "Балқаш Су" мекемесінің басшысы қоластындағы қызметкерін одан әрмен ұруды жалғастырыпты. Жартылай жалаңаш далаға қашып шыққан жәбірленуші дереу дәрігерлердің көмегіне жүгініп, артынша аурухана төсегіне таңылған.

Дәрігерлердің айтуынша, соққыға жығылған шенеуніктің миы шайқалған, бас-сүйегінен жарақат алып, астыңғы ерні жыртылыпты. Мұны сауна қызметкерлері де растап отыр. Есін жиған соң ол жемқорлыққа қарсы бюро мен полицияға арызданған.

Тәртіптік кеңестің алдында жауап берген Әнуар Самиев болса өзіне тағылған айыптардың тек бір бөлігімен ғана келісті. Ол саунаға жұмыстан кейін барғанын айтып отыр. Дегенмен, моншаның тіркеу журналында мемқызметкерлердің компаниясы сағат 15:30-да келгені көрсетілген.

"Мен саунаға 19:00-де келдім. Әкімнің есебінен шығып барған болатынмын. "Балқаш Судың" қызметкерлері мен барған кезде сонда отырған. Олармен бірге 3 рюмка арақ ішкенімді мойындаймын. Бірақ, төбелестің уақытында мен болған доқпын, кетер кезімде бәрі тыныш болатын", - деді бөлім басшысы.

Ол сондай-ақ, саунаға тек шомылып, ыстық буға барғанын ғана айтып отыр. Айтуынша, оған дейін денесіне суық өткізіп алған екен. Дегенмен, Этика жөніндегі кеңес оны жұмыстан қумай, тек қатаң сөгіс берумен шектелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары