$ 448.56  478.03  4.79

В.Косарев: «Қыс бойы бәріне дайынбыз деген үкімет мүшелері көктем шыға жүзіп кетті»

Мәжіліс депутаты Владислав Косарев тасқын су болатынын алдын ала болжай алмаған мемлекеттік орган басшыларын қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында айтқан.

«Халық қалаулысы» еліміздің бірнеше облысын жыл сайын тасқын судың шайып кете беретініне ашулы.

«Осымен бірнеше жыл қатарынан елдімекендер мен жолдарды су шайып кету жағдайы қайталанып келеді, өкінішке қарай адам шығындары да бар. Дәл осындай жағдай биыл да қайталанып отыр. Қыс бойы үкімет қайта-қайта жиындар өткізіп, жауапты басшылар тасқын суды алдын алуға толықтай дайынбыз деп есеп беріп жатты, қанша қарды шығарғандарын, бөгеттерді күшейткендерін айтты. Бірақ, көктем келіп еді, бәрі жүзіп шыға келді. Айта кету керек, Парламентте жыл сайын республикалық бюджетті қарау кезінде су тасқынын алдын алу үшін Үкіметке ақша бөлінеді. Қарап тұрсақ, жауапты мемлекеттік органдардың ешқайсысы өзендердің арнасынан асатынын алдын ала болжай алмаған. Салдарынан, биыл да су тасқыны орын алды", - дейді Косарев Сағынтаевқа жолдаған депутаттық сауалында.

Косаервтің айтуынша, үкімет бұл проблеманы шешу үшін кешенді шараларды қолға алуы тиіс. Атап айтқанда, арнайы бағдарлама қабылданып, үкімет оны жүзеге асыру үшін ақша бөлуі керек. Оның аясында тасқынның алдын алу жұмыстары жүргізіліп, халықты қызыл судан біржола құтқару керекпіз дейді Мәжіліс депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары