$ 444.22  476.38  4.82

Н.Назарбаев су тасқынына байланысты Ішкі істер министріне бірқатар тапсырма берді

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдап, су шайып кеткен аймақтардағы ахуал туралы сұрады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Сыртқы істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары