$ 498.34  519.72  4.85

Б.Сағынтаев шенеуніктерге Құдайды қайдан іздеу керектігін айтты

Бүгін Үкіметте 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат концепциясы талқыланды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев болса жиынға қатысқан шенеуніктерге Құдайды қайдан іздеу керектігін айтып өтті.

"Дін саласындағы тәрбиелік және ағартушылық жұмыстарды бірге күш біріктіріп жүргізуіміз қажет. Келісім мен бейбітшілік үшін атсалысуымыз керек. Құдайды өз жүректеріңнен іздеңдер, оны басқа ешқайдан таба алмайсыңдар деген даналық сөз бар. Сондықтан, біздің тапсырмамыз - әрбір адамның жүрегіне жол табу", - деді Сағынтаев жиын барысында.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жаңа концепцияда мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысын жетілдіре түсетін заңды дамыту көзделген. Жаңа құжатта орталық және жергілікті органдарға жүктелетін жауапкершіліктің салмағы артып отыр.

"Барлық салада кешенді жұмыстар жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, білім беру, мәдениет, БАҚ, денсаулық сақтау, отбасы мен неке институттары және т.б.", - деді министр өз сөзінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары