$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстан үкіметі тағы 25 млрд теңге қарыз алатын болды

Бұл жолы Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік банктен 25 миллиард теңге несие алғалы жатыр деп мәлімдеді КТК телеарнасы. Ақшаға міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық жүргіземіз дейді шенеуніктер. Министрліктегілер берешекті алу үшін Сенаттың келісімін алуға келген еді, депутаттардың көбі қарсылық білдірді.

Дегенмен, сенаторлар кейін сабасына түсіп, несие алуға келісім берді. Сөйтіп, 25 миллиард теңге несие аурухана, емханаларды жаңа құрал-жабдықтармен қамтуға, дәрігерлерді қайта оқытып, ауылдық жерлердегі ақ халаттылардың біліктілігін арттыруға жұмсалады екен. Денсаулық сақтау министрлігі жалпы еліміздегі медициналық қызметті жаңа жүйеге көшіру  үшін шетелдерден мамандар шақырмақ. Және медициналық жедел жәрдемнің сапасын жақсартуды жоспарлап отыр. Ал Дүниежүзілік банк қарызды 15 жылға 3 жарым миллиард теңге үстемемен бермекші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары