$ 498.34  519.72  4.85

Түрмедегі Шекара қызметінің экс-басшысы бұрынғы әріптестерінің "былығын" жайып салмақ

Жемқорлық дерегі бойынша сотталған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов Президентке ашық хат жазып, Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметінде бұрын жұмыс істеген әріптестерінің "былығын" жайып салмақшы. Бұл туралы адвокат Мұстахим Төлеев мәлімдеді.

"Менің қорғауымдағы Шекара қызметінің бұрынғы директоры Жоламанов қазір Президенттің атына хат дайындап жатыр. Онда Қорғаныс министрлігі мен Шекара қызметі экс-қызметкерлерінің былығы туралы ашып айтылады", - деді Төлеев бүгін Мәжілісте "Прокуратура туралы" заңды талқылау барысында.

Оның пікірінше, әдетте басшылар қоластындағы қызметкерлердің "құрбанына" айналатын көрінеді. Яғни, қылмысты жасап болған соң "басшының тапсырмасы" деп оңай құтылады екен.

"Олар өз басшыларының үстінен арыз жазып, өздерін қылмысқа итермелегенін, ұйымдасқан қлмыстық топ құрғанын айтып жатады. Соңында қоластындағы қызметкерлер жеңіл жаза алады, кейде жауапкершіліктен босап та кетеді", - дейді адвокат.

Еске салайық, Нұрлан Жоламанов 2014 жылдың қазанында ұсталған болатын. Оған пара алды, қылмыстық топ құрды деген секілді ауыр айыптар тағылып, 2015 жылы наурызда сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары