ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель қызметінен кетті. Мемлекет басшысының Жарлығымен ол Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалып отыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін Президенттің Жарлығымен Николай Васильевич Белоруков өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің мүшесі қызметінен босатылған еді.
Иоган Давидович Меркель 1958 жылдың 21 қыркүйегінде Көкшетау облысының Казгородок ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылы Көкшетаудағы "Металлист" зауытында бастады. Біраз жыл бойы Көкшетау облыстық прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші болып жұмыс істеген. Кейін Саран қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, Торғай облысының прокуроры, Алматы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
И.Меркель 2008 жылдан бүгінгі күнге дейін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары жұмыс істеді.